Түркиядағы жер сілкінісі: тағы 42 қазақстандық елге жеткізілді

Жаңалықтар
09.02.2023, 10:11

Құтқарушылар барған ұшақпен 65 азамат Астанаға келді

Түркиядағы жер сілкінісі: тағы 42 қазақстандық елге жеткізілді
AFP 2023 / Muhammad Haj Kadour

Түркиядан Қазақстанның 42 азаматы елге оралды. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына барды.

Сол ұшақпен 65 азамат Астанаға келді.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам – Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы Астанаға қайтарылды, - делінген ақпаратта.

Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Айта кетейік, бұған дейін 7 ақпанда қазақстандық құтқарушыларды Түркияға жеткізген арнайы ұшақ қайтар жолда 16 отандасымызды елге алып келді.

Сұхбат

PhotoRoom