Түркияда үйінді астынан екі қазақстандықтың мәйіті табылды

Жаңалықтар
10.02.2023, 09:12

Сыртқы істер минитрлігі азаматтардың мәйітін отанына жеткізуге көмек көрсетеді

Түркияда үйінді астынан екі қазақстандықтың мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Түркияда үйінді астынан екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан жерлесіміздің мәйітін тапты. Оның Әділ Қадырбеков екені анықталды.

Сыртқы істер минитрлігі Қазақстан азаматының денесін отанына жеткізуге көмек көрсетеді.

Сондай-ақ құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан екінші отандасымыздың мәйіті тапты.

Мирболат Құрмашевтің мәйіті үйінді астынан шығарылды.

Сұхбат

PhotoRoom