Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберіледі

Жаңалықтар
15.02.2023, 09:23

Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі

Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберіледі
Фото: focus.ua

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР Ппремьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.

«Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар», - делінген ақпаратта.

Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Сұхбат

PhotoRoom