Бір тәулікте 107 адамнан коронавирус анықталды

Жаңалықтар
16.02.2023, 09:49

Инфекция салдарынан бір адам қайтыс болды

Бір тәулікте 107 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөз

Бір тәулікте 107 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ инфекция салдарынан бір адам қайтыс болды.

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 590 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 125 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында үш адамның жағдайы ауыр, үш науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Тегтер:
коронавирус

Сұхбат

PhotoRoom