Жүк жер сілкінісі болған Газиантеп қаласына жеткізіледі
Қазақстаннан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлады елдің төтенше жағдайлар министрлігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді, - делінген ақпаратта.
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі – 55 тонна. Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті.
Айта кетейік, бұған дейін президент Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды. Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.