Былтыр Қазақстанда қос азаматтығы бар 841 адам жазаға тартылды

Құқық
20.02.2023, 14:32

Қазақстан қос азаматтықты мойындамайды

Былтыр Қазақстанда қос азаматтығы бар 841 адам жазаға тартылды
фото: emigrant.guru

Қазақстанда 2022 жылы қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды.

«Былтыр қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Соңғы бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 3000-ға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылған. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынып тасталған.

«Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу мақсатында басқа азаматтықты қасақана жасыру үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып отыр», - деп толықтырды ІІМ.

Ведомстыо еліміздің азаматтығынан айырылған азаматтың Қазақстан азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны, сондай-ақ заңда белгіленген адамдарға хабарламағаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

«Қос азаматтығы бар деректі жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару қарастырылған. Басқа азаматтықты қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін басқа елдерге кеткен және басқа азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 күн ішінде Қазақстанның консулдық мекемесіне азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сұхбат

PhotoRoom