Еңбек адамының талабы ескеріледі

Жаңалықтар
21.02.2023, 15:53

Шымкент қалалық сайлауалды штабтың үгіт-насихат жұмысы еңбек ұжымымен жалғасты. 

Еңбек адамының талабы ескеріледі

«Зерде НПО» ЖШС-інде өткен кездесуге Жанар Бектаева, Алия Юсупова, Нұргүл Қобланова, Арман Оспанов, Нұрғазы Бұхарбай, Есімхан Бертаев қатысты.

Жиында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үшінші мегаполисте атқарылған жұмыстар баяндалды.

– Соңғы жылдары қаламызда барлық сала жұмысы жанданып, едәуір көрсетіштерге қол жеткені өздеріңізге де белгілі. Мегаполис дамуының тиісті жоспары жасалып, сол бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Нақты айтсақ, бір ғана білім саласында Шымкентте 68 мектеп салынып, 9 білім беру ұйымы күрделі жөнделді. Енді мұнымен шектеліп қалмаймыз. Жұмыстар жалғасып, алдағы уақытта 50 мектеп салынады, 25 білім беру ұйымы жөнделеді деген жоспарымыз бар, – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.

Үміткерлердің айтуынша, бұған қоса әлеумет, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік және басқа салалар да назардан тыс қалмай, жоспарлы жұмыстар атқарылады.

Еңбек ұжымының өкілдері сайлауалды бағдарламаның өздеріне қатысты тұстарын пысықтап, өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде жалақы, кәсіподақ секілді тақырыптарға қатысты сұрақтар қойып, үміткерлердің жауаптарын алды. Ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, 19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom