Қазақстан билігі дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуді құптайды
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдың ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады.
«Қазақстан украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытайдың ұстанымын құптай отырып, БҰҰ қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді.
Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп санаймыз», - делінген СІМ мәлімдемесінде.
Қазақстан әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтайды.
«Сонымен қатар, Қазақстан Қытайдың Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтеді», - делінген мәлімдемеде.