Еңбек министрі: Бұл жолы 42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ

Әлеумет
14.07.2020, 15:56

Қазақстан бойынша карантин режимі 2 тамызда аяқталады

Еңбек министрі: Бұл жолы 42 500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантин шараларына байланысты шілде айына берілетін әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шаралары тағы екі аптаға созылатындықтан, мұқтаж жандарға 42 500 теңге төлем жасауды тапсырған болатын. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төлемді кімдер алатынын және «бұл жолы да көмек алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасау керек пе?» деген сұрақтарға жауап берді.

«Өткен жолы 42 500 теңге алу үшін барлығы бірыңғай жиынтық төлем төледі. Оны «ЕСП» дейміз. Бұл жолы бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ. Ондай талап қоймаймыз. Өткенде төледіңіздер, сол жеткілікті, ол мәліметтер бізде бар. Тек өтініш жасасаңыздар болды. Ай сайын төлеп жүргендерге еш сұрақ жоқ. Ал, төтенше жағдай кезінде төлегендер туралы бізде мәлімет бар», - деді Нұрымбетов.

Сұхбат

PhotoRoom