Британия билігі Huawei компаниясына тыйым салды

Саясат
15.07.2020, 15:53

Сарапшылар енді Британияла қытайлық туристердің саны бәсеңдейді деген болжам жасап отыр

Британия билігі Huawei компаниясына тыйым салды
фото: lenta.ru

Британия билігі смартфон және телекоммуникациялық жабдықтар өндірумен қатар, 5G байланысы желісінің өрісіне жауап беретін – қытайлық Huawei компаниясының бөлімшесінің жұмыс істеуіне тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасаған.

Үкіметтің аталған шешімі туралы БАҚ және спорт министрі Оливер Дауден жариялады.

Оның айтуынша, мұндай шешім премьер-министр Борис Джонсонның төрағалымен өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданған. Кеңес мүшелері Ұлттық киберқауіпсіздік орталығының ұсынысына сүйенген.

Іс-шараға қатысушылар Huawei компаниясының әрі қарай 5G инфрақұрылымына қатысуы британдық бизнес пен қолданушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деген шешімге келген. Сол себепті ұлттық байланыс операторлары келесі жылдан бастап қытайлық корпорациядан жабдық алу мүмкіндігінен айрылады. Болжам бойынша, Huawei жабдықтарын 2027 жылға таман ғана толық алмастыру мүмкіндігі туындайды.

Huawei Британ билгінің шешімін «көңіл қаларлықтай» деп атады. «Бұл Ұлыбританиядағы смартфон пайдаланушылары үшін жаман жаңалық», - деп айтылған Reuters мысал келтірген компания мәлімдемесінде. Бірақ, релизде Лондонның қайта ойлануға мүмкіндігі бар екені атап өтілген.

Бұдан бұрын, британдық экономистер Huawei-мен серіктес болудың кері әсерін сипаттаған болатын. Олардың айтуынша, мұндай шешім нарықтағы бәсекені төмендетіп, инфляция мен жұмыс орындарының азаюына әкеледі. Сондай-ақ, сарапшылар қытайлық туристердің саны бәсеңдейді деген болжам жасап, кері әсері болатындығын айтқан.

Huawei компаниясы өткен жылдың көктемінде АҚШ президенті Дональд Трамптың компанияны «дербес мәліметтерді қытайлық арнайы қызмет өкілдеріне таратты» деген айыптауынан кейін санкцияға ұшыраған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom