Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
17.01.2023, 17:10
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолы:

1995-2002 жылдары бизнес құрылымдарында жетекші қызметте;

2002-2006 жылдары мемлекеттік органдардағы қызметте;

2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі;

2011-2013 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры;

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы;

2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және тіл саясаты комитетінің төрағасы;

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси секторының меңгерушісі;

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау орталығы басшысының бірінші орынбасары;

2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған

Сондай-ақ ол Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектері қауымдастығының президенті.

«Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мемлекеттік медальдарының иегері.

Сұхбат

PhotoRoom