Шымкентте науқастардың азаюына байланысты спорт кешеніндегі стационар жабылды

Аймақ
16.07.2020, 13:25

Соңғы бес күнде стационар қызметіне жүгінетіндер саны күніне 25 адамға дейін азайған

Шымкентте науқастардың азаюына байланысты спорт кешеніндегі стационар жабылды

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешенінде жұмыс істей бастаған 360 орындық күндізгі стационар жабылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ-мен және пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенін күндізгі стационар ретінде пайдаланған болатын.

«Стационарда алғашқы бірнеше күн ішінде 500-ден 700-ге дейін тұрғын ем алды. Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш емделуші келді», - делінген қала әкімдігі таратқан ақпараттта.

Сондай-ақ, емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді. Осы себепті, қала әкімдігі жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.

Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері көмек көрсетті.

Сұхбат

PhotoRoom