Шымкентте үстел теннисінен республикалық турнир өтеді

Жаңалықтар
25.01.2023, 17:14
Шымкентте үстел теннисінен республикалық турнир өтеді

Республикалық турнирге Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары қатысады.

26, 27 қаңтарда ерлер мен әйелдер жекеде, ал 28, 29 қаңтарда жасөспірім ұлдар мен қыздар жұптық разрядта бақтарын сынап көреді.

Айта кетсек, турнирдің жалпы жүлде қоры 5 700 000 теңгені құрайды.

Сұхбат

PhotoRoom