Қала әкімі Мұрат Әйтенов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов және денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев түрлі салалардағы көрсеткіштер мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-министр Үкімет Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасында ұсынылған кең ауқымды реформаларды іске асыруға кіріскенін атап өтті.
Отырысты қорытындылай келе, Премьер-министр «Сайрам» тұрғын алабын сумен қамтамасыз ету, «Тұран» шағын ауданында магистральдық кәріз коллекторы мен оқушылар сарайын салу, жалпы Шымкентте жол инфрақұрылымын салуды қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов жылу желілерін, сорғы станцияларын қайта жаңарту, қазандықтарды жаңғырту және «Қайнарбұлақ» тұрғын алабын газбен жабдықтау қажеттігін атап өтті.