Тоқаев Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді

Саясат
17.07.2020, 09:49

Мемлекет басшысы халық тарапынан сенім болмаса індетті жеңу қиын екенін айтты

Тоқаев Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезіндегі ахуал қанша жерден ащы болса да, оны халықтан жасырмау керек деген пікірін айтты. Мемлекет басшысы Үкіметке коронавирус бойынша статистиканы біріздендіруді тапсырды.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, халық тарапынан билікке сенім болмаса, аталған індетті жеңе алмаймыз.

«Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз», - деп жазды Президент өзінің Twitter-парақшасында.

Мемлекет басшысы халық коронавирустан бөлек өкпе қабынуынан да айтарлықтай зардап шегіп отыр деп есептейді.

«Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр», - деп жазды Қ.Тоқаев.

Сұхбат

PhotoRoom