Бейіт басындағы бизнес: Алматыда жерлеу қызметін қымбаттатқандар ұсталды

Әлеумет
22.07.2020, 10:48

Жерлеу қызметін миллион теңгеге дейін қымбаттатқан 2 қабірші анықталды

Бейіт басындағы бизнес: Алматыда жерлеу қызметін қымбаттатқандар ұсталды
фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек КТК телеарнасына пікір білдіріп, қызметі үшін қыруар қаржы сұраған екі азамат қайтыс болғандардың туыстарына материалдық тұрғыда ғана емес, моральдық тұрғыда да нұқсан келтіргенін айтады.

«ҚК 190 бабы, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Кеше екі азаматты қолға түсірдік. Екеуі де зиратта жұмыс істеген азаматтар. Олар өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ олар қаза болғандардың туыстарына материалдық қана емес моральдық нұқсан келтірді», - деді.

Зираттың екі қызметкері жақынын жер қойнына тапсыруға келген жандардан жерлеу рәсіміне қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де көрсетпей, ақшаны заңсыз иемденген. Бейіт басындағы бассыздыққа шыдамаған сегіз адам бірден полицияға шағымданған. Қазір күдікке ілінген азаматтар қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қорымдағы қарбаласты пайдаланып, қалтасын қампайтқысы келетіндер үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін ескертті.

Сұхбат

PhotoRoom