Үндістанда су тасқынынан 91 адам қайтыс болды

Әлем
23.07.2020, 18:12

Қазіргі уақытта 2 548 ауыл су астында қалған

Үндістанда су тасқынынан 91 адам қайтыс болды
фото: indiatoday.in

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатының 33 ауданының 25-інде тұратын 2,7 млн-ға жуық адам алапат су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі India Today басылымына сілтеме жасап.

UNESCO-ның әлемдік мұралар тізіміне енетін Казиранга ұлттық паркінде тасқыннан 123 12 мүйізтұмсық, 93 бұғы, 4 жабайы енеке (буйвол) және басқалары мерт болды.

Бірнеше күн бұрын басталып, әлі тоқтаған жауын-шашын салдарынан Брахмапутра өзені мен оның салаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр.

Гувахати қаласында Брахмапутра өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерден 49,68 метрге асып кетті. Су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр.

Сумен қамту орталық комиссиясының қызметкері Сарат Чандра Калита India Today телеарнасына берген сұхбатында Гувахати қаласындағы Брахмапутра өзенінің деңгейі 19 шілде күні көтеріле бастағанын мәлімдеді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 2 548 ауыл су астында қалды. Құтқару топтары Үндістанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарынан 78 317 адамды эвакуациялады.

Дереккөздерге сәйкес, қазіргі уақытта ұлттық Казиранг паркінің 92 пайызы су астында қалған.

Сұхбат

PhotoRoom