Тұрмыстық төбелестің соңы ғаламдық хайпқа ұласпасын - Түркістан әкімдігі Шорнақтағы жанжал жайлы

Аймақ
23.07.2020, 21:07

Төбелесті тоқтатпақ болған учаскелік полицияға тас тиген

Тұрмыстық төбелестің соңы ғаламдық хайпқа ұласпасын - Түркістан әкімдігі Шорнақтағы жанжал жайлы
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, 20 шілде күні ішімдік ішкен азамат өз ауылдасына қоқан-лоққы көрсеткендіктен екі тараптың арасында  төбелес басталған. 

«Тұрмыстық төбелестің соңы ғаламдық хайпқа ұласпасын! Төбелесті тоқтатпақ болған учаскелік полицияға да тас тиген. Бұзақылар ұсталып, оқиғаның мән-жайы анықталды. Екі жақтың азаматтары да уақытша қамау изоляторына қамалды. Кімнің кінәлі екенін енді сот шешеді. Арада екі күн өткен соң әлеуметтік желіде қатысушылардың бірі түсірген бейнетаспа жарияланып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұлтаралық қақтығысқа үндеген жазбалар да көбейе бастады. Бүгін бесінші күн қатарынан Шорнақта жүрген адам ретінде айтарым, бұл елдімекенде жағдай қалыпты. Тыныш. Ұлтараздық алауыздықты туындату - қылмыстық жауапкершілікке жататынын ескертемін», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, жанжал Кентау қаласына жақын маңдағы Шорнақ елді мекенінде болған.

Сұхбат

PhotoRoom