Республика бойынша 708,5 мың тонна азық-түлік тауарларының қоры бар

Экономика
27.07.2020, 17:29

Вице-министр елде азық-түлік тапшылығы болмайды деп сендірді

Республика бойынша 708,5 мың тонна азық-түлік тауарларының қоры бар
Фото: akorda.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша тапшылық жоқтығын және күтілмейтінін айтты.

Вице-министрдің айтуынша, 24 шілдедегі жағдай бойынша республикада 708,5 мың тонна азық-түлік тауарларының қоры жинақталған. Оның ішінде тұрақтандыру қорларында 33,1 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда 209,5 мың тонна, қоймаларда 154,6 мың тонна, сауда желілерінде 311,4 мың тонна азық-түлік орналастырылған. Бұдан басқа 404 млн дана жұмыртқа және 2,1 млн тонна азық-түлік бидай сақталған.

«Тез бұзылатын өнімдер бойынша қор бір аптаға, басқалары бойынша бірнеше айға дейін жететін қор бар Азық-түлік өндірісі тоқтатылмайды, қорларымыз үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан тапшылық жоқ және күтілмейді», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom