Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Жаңалықтар
06.03.2023, 16:17

6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді
Фото: ашық дереккөз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алдағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

«Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді», - деп хабарлады корпорация.

Айта кетері, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов көшесі, 20, Сәтбаев көшесі, 25 және 20-40 көшесі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.

Тегтер:
ХҚКО

Сұхбат

PhotoRoom