«Өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз» экс-министрге сот үкімі шықты

Құқық
09.03.2023, 12:41

Бұрынғы Қорғаныс министрі 12 жылға сотталды

«Өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз» экс-министрге сот үкімі шықты
Мұрат Бектанов, экс-министр

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот мәлімдеді.

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2022 жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Кеңес барысында президент Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Сол жиында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Қорғаныс министрін сынға алып, Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағанын, министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмағанын ашық айтты.

Сұхбат

PhotoRoom