ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болды

Саясат
30.07.2020, 17:04

Мемлекет басшысының өкімімен ДСМ жауапты хатшысы тағайындалды

ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болды
фото: Әсем Нүсіпова, ШҚО ақпарат орталығы

Мемлекет басшысының өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Оның орнына, яғни жауапты хатшы қызметіне Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып, «экономика және менеджмент» мамандығын алған.

Ол 2006-2008 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі болған. 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сұхбат

PhotoRoom