Жол апатына ұшыраған балуандар: бір спортшы комада жатыр

Жаңалықтар
05.08.2020, 12:27

Екінші науқастың жағдайы орташа, тұрақты

Жол апатына ұшыраған балуандар: бір спортшы комада жатыр
көрнекі фото: gazeta.ru

Еске сала кетейік, 3 тамызда Жамбыл облысында қазақстандық 5 спортшы мінген көлік жол апатына ұшырап, екі жолаушы оқиға орнында, біреуі ауруханада қайтыс болды. Қалған екі спортшы ауруханада өмірі үшін күресіп жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қордай ауруханасына 1998 және 1999 жылы туған екі науқас түсті. 1999 жылы туған Мұхаметқалиевтің ми церебраль ісігі болды. Қазір оның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оған ота жасады. Комада жатыр, санавиацияны шақырдық. Екінші науқастың жағдайы орташа, тұрақты. Ол да бірнеше жарақат алған», - деп мәлімдеді облыстағы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбекова.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Алматы – Тараз бағытындағы автожолда болған жол апатынан қайтыс болған үш спортшыға қатысты пікір білдірді.

Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылғы 3 тамызда сағат 06:40 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 193-шақырымында «Mazda 323» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы қаласынан Тараз қаласына қарай бағытта келе жатып рөлді басқара алмай, нәтижесінде көлігі жолдың оң жақ жиегіне аударылған.

Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында көз жұмған. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай ертесіне қайтыс болды. Қазір дәрігерлер екі балуан – Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысханның өмiрi үшін күресiп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom