Маска тақпаған елордалықтарға 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

Аймақ
05.08.2020, 15:42

Қазақстанда карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды

Маска тақпаған елордалықтарға 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
фото: astana.gov.kz

Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бұйрығына сәйкес, үйден шыққандар медициналық маска тағу міндеттеледі. Бұл аурудың алдын алу үшін жасалады. Құқық бұзушыларға 30 АЕК немесе 79 530 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

«Бірінші кезекте полиция алдын-алу жұмыстарына көңіл бөледі. Адам көп жерлерде, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға маска тағуды ұсынамыз. Егер адам көп орындарда маска тақпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші кезекте біз тәртіп бұзушыларға қатысты алдын-алу шараларын қолданамыз», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов.

Естеріңізге сала кетейік, жабық, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, дүкендер мен дәріханаларда, медициналық мекемелерде маска тағу міндетті.

«Маска тағу COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін өте маңызды. Маска тағудың дұрыс тәртібін сақтау керек және әр екі сағат сайын ауыстыру қажет», - деп түсіндіреді терапевт Азиза Алданбаева.

Сұхбат

PhotoRoom