Қазақстандық әуе компанияларға Түркия еліне ұшуға тыйым салынды

Саясат
06.08.2020, 21:22

Бұл туралы Түркия билігі де, Қазақстан билігі де ескертпеген

Қазақстандық әуе компанияларға Түркия еліне ұшуға тыйым салынды
Фото: ашық дереккөзден

Түркия Қазақстан әуе тасымалдаушыларына рейс жасауға тыйым салды. Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ-ның корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлады.

5 тамызда кешкі сағат 18:00-де Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Ыстамбұлға бағыт алып, ұшу-қону жолағына шыққан кезде түрік авиациялық билігі қоңырау шалып, Қазақстан тасымалдаушыларына Түркияға ұшуға тыйым салынғаны туралы хабарлаған. 

Тек бір сағаттан кейін «Түркия мен Қазақстан арасында рейстерді орындауға тыйым және Түркияның Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен тек репатриациялық рейстерді орындауға мүмкіндігі» туралы ресми хат жолдаған. Сондай-ақ екі сағаттан кейін рейсті орындауға біржолғы рұқсат беріліп, 101 жолаушы діттеген жерге ұшып кеткен.

Айта кететін жәйт, Air Astana болсын, Қазақстанның авиациялық билігі болсын, екі елдің елшілігі болсын ешкім бұл тыйым туралы алдын-ала хабарламаған, және бұл рейстің едәуір кешігуді және жолаушыларға қолайсыздықтар тұғызды", - делінген қазақстандық әуе компанияның хабарламасында.

Сұхбат

PhotoRoom