Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

Жаңалықтар
23.03.2023, 10:54

Президент ата-бабамыз Рамазанды он екі айдың сұлтаны деп ардақтағанын жазды

Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. 

«Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі», - деді ол.

Президент ата-бабамыз Рамазанды он екі айдың сұлтаны деп ардақтағанын жазды. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткенін айтты.

«Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді.Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін! Ораза қабыл болсын», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom