Алматыда маска тақпаған 2002 тұрғынға айыппұл салынды

Аймақ
07.08.2020, 18:07

Одан бөлек, үй карантин режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды

Алматыда маска тақпаған 2002 тұрғынға айыппұл салынды
фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.

«Көптеген тексеріс жұмысы жүргізіліп, тиісті шара қабылданды. Шамамен 2200 айыппұл салынды. Маска тақпаудың 2002 дерегі тіркелді. Біз адамдарға ғана емес, бизнес өкілдеріне айыппұл салып жатырмыз. Оның мөлшері 230 АЕК (638 940 теңге). Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - дейді Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Одан бөлек, шаһарда үй карантин режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Бекшиннің айтуынша, үй карантинінде отыратын адамдар үнемі тексеретіледі.

«Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексерді, нәтижесінде 23-і үйінен табылған жоқ. Яғни, көшеге шығып кеткен»,– дейді Жандарбек Бекшин.

Сұхбат

PhotoRoom