Тұрғындар тілегі тыңдалды

Жаңалықтар
19.04.2023, 15:20

“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қалалық мәслихат депутаты келген тұрғындардың айтарына құлақ түрді.

 

Бүгінгі қабылдауға келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты сұрақтар болды. Әсіресе, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту төңірегіндегі өтініштері. Жол мәселесін көтеріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты мәселелермен келген азаматтар да бар.

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүйсебайұлының да шағымы тыңдалды.  Ономастика тұрғысынан байырғы тарихи жер су атаулары жаңа көшелер мен орамдар атауларын қойғанда ескерілсе деген өтініші қаралып, алдағы уақытта назарға алынатын болды.

 

Тұрғын үймен қамту және жер телімдерін бөлуге қатысты сұрақтармен жүгінген тұрғындар да мазалаған сауалдарына жауап ала алды.

 

Айта кетейік, қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтінішін айтып, көмек сұрап келетіндер саны артуда. Өткен жылы партияға 10 мыңға жуық адам әр түрлі жағдаймен келсе, жыл басынан бері азаматтар тарапынан 887 өтініш жасалған.

Сұхбат

PhotoRoom