Шымкентте 5G желісінің 10 станциясы іске қосылды

Жаңалықтар
03.04.2023, 17:57
Шымкентте 5G желісінің 10 станциясы іске қосылды

Шымкентте «Кcell» компаниясының 5G желісінің 10 станциясы іске қосылды. Енді, мобильді оператордың абоненттері, 5G технологиясын қолдайтын смартфон болған жағдайда, белгіленген мекенжайларда жаңа технологияның артықшылықтарын тегін қолдана алады. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ саяжай аумағына барған журналистер елді мекенде жүргізіліп жатқан жұмыстарменде танысты.

7500-ге жуық үйі бар Қайнарбұлақ саяжай аумағын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту мақсатында қала әкімдігімен жеке инвесторлар тартылған. Бүгінгі таңда, саяжай аумағындағы 11 көшеге оптика желісі толық жүргізіліп, 1000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі жалпы саны 50 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартыған. Нәтижесінде, 4000-ға жуық адам сапалы интернетке қол жеткізуде.

Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны
-    Біздің саяжай аумағындағы байланысты байланыс деп айта алмаймыз. Әсіресе, мектеп оқышылары үшін өте қиын. Пандемия кезінде саяжай халқы ұялы телефондарын құшақтап қыр басында жүрді. Мәселені бірнеше мәрте көтердік. Шешімін тапқанына өте қуаныштымыз. Міне, үйімізге интернет кіріп жатыр.

Бүгінде, өтініш қалдырған 10-ға жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде олардың тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда,  компания тарапынан шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен секундына 100 Мбит жылдамдығына дейін  қамтамасыз ететін болады. Ал, жыл соңына дейін саяжай халқы 100% талшықты оптика желісімен қамтылады.

Баспасөз туры барысында «Кcell» компаниясының 5G желісінің іске қосылған 10 станциясы таныстырылды. Енді, мобильді оператордың абоненттері, 5G технологиясын қолдайтын смартфоны болған жағдайда жаңа технологияның артықшылықтарын тегін қолдана алады.

Айта кетейік, «Kcell» АҚ тарапынан жыл соңына дейін қала орталығына 5G технологиясымен 100-ге жуық базалық станцияны орнатуды жоспарлап отыр.

Г.Асқарқызы

Сұхбат

PhotoRoom