Шардарада зауыттар көбейеді

Жаңалықтар
03.04.2023, 20:05
Шардарада зауыттар көбейеді

Шардара ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын зауыттар салынады. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы шағалалы аймаққа арнайы барып, халықпен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Жоспар іске асса мақта матаға, мақсары майға, баубақша өнімдері азық-түлікке айналмақ.

Шардара ауданы балығымен Еуропа елдеріне, даңқты спортшыларымен әлемге әйгілі. Бұл аймақ өзге де салаларды дамытуға әлеуетті. Облыс әкімі шардаралықтармен өткізген есептік кездесуінде ауданға осылай баға берді. Биыл 3,6 млрд. теңгеге 7 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың қатарында, ауыл шаруашылығы және өзге де өндіріс салалары бар. Одан бөлек, жұмыссыздықты жою бағытында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Әзірге бұл бағдарлама пилоттық режимде Алатау батыр, Тұрысбеков ауыл округтерінде іске асыру жоспарлануда. Жалпы облыс әкімі шардаралықтармен бүгінге дейін 2 рет кездесу өткізген. Басқосуда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Айта кетсек, өткен жылы Шардара ауданында өнеркәсіп өнім көлемі 17,6 млрд. теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда 5,3 млрд. теңгеге артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 35,5 млрд. теңгені құрап, 5,8 млрд. теңгеге жеткен. Ал, ауыл шаруашылығы саласында 60,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Сұхбат

PhotoRoom