Шымкентте Орта Азияда жоқ құрылғы бар

Жаңалықтар
03.04.2023, 21:30
Шымкентте Орта Азияда жоқ құрылғы бар

Орта Азияда жоқ құрылғы Шымкентте бар! Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында дәрігерлер пациенттерді  Орта Азияда теңдесі жоқ құрылғымен емдейді.  «Арыс Мт» құрылғысы бір қарағанда үлкен әуе ұшағына ұқсайды.

Барокемара ішінде күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабеті сынды сырқатқа шалдыққан пациенттерге терапиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі. Оттегімен қамтамасыз ететін кешеннің ішінде хирургиялық ем жасауға да болады. Бұл кешен екі блоктан тұрады. Бірінші блокта емдеу, екінші блокта операция жасауға болады.

Орталық 1973 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Токсикология, күйік бөлімшесі, оңалту-қалпына келтіру, жан сақтау бөлімдері жұмыс істейді. Күйік, токсикология бөлімшелері қала түгілі, облыс көлемінде жоқ екен. Клиникада ем қабылдауға бір ғана қарсы көрсетілім бар – науқас онкологиялық аурумен ауырмайтын болуы керек. Басқа жағдайда емханалардан жолдама әкеліп, тегін ем қабылдауға болады.

Сұхбат

PhotoRoom