Егістік жұмыстарына екпін беруді тапсырды

Жаңалықтар
04.04.2023, 21:37
Егістік жұмыстарына екпін беруді тапсырды

Түркістан облысындағы бірқатар аудандарда көктемгі дала жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмай келеді. Аймақ басшысы егістікке екпін бермеген аудан басшыларына ескерту жасады. Сонымен қатар, жауаптыларға ауыл шаруашылығы саласының дамуына тұсау болатын кедергілермен күресуді тапсырды.

Биыл егістік алқаптарды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен  6,5 млрд. теңге бөлінген. Сол арқылы 331,3 мың га алқап тыңайтылмақ. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы «ҚазАзот» АҚ-мен меморандум түзіліп, 60 мың тонна аммиак селитрасын босату келісілгенін жеткізді. Оның сөзінше, жұмыс жоспарға сай жүргізіліп келеді.

Алайда, баяндамада айтылған деректер облыс әкімінің көңілінен шықпады. Себебі, егістік алқаптарында атқарылған жұмыстар жоспарға сай жүргізілмеген деді облыс әкімі. Мәселен, жаздық дақылдарды егу үшін 488,6 мың гектар алқапты жырту жоспарланса, 139 мың гектарға немесе 28 пайзыға ғана орындалған.

Ал, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін облысқа  48,2 мың теңге қаралыпты. Тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен  600 млн. теңге бөлінген.

Сұхбат

PhotoRoom