Парктер шеруі – 2023 акциясы өтті

Жаңалықтар
04.04.2023, 21:56
Парктер шеруі – 2023 акциясы өтті

 «Мәңгі жаса Жер ана». Дәл осы тақырып аясында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Парктер шеруі өтті. Дүниежүзілік Жер күні мерекесіне орай өткізілген шараның көздеген мақсаты қандай? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың проблемарына халық пен биліктің назарын аудару мақсатында  ұйымдастырылып отырған бүгінгі шеруге, табиғат жанашырлары мен қоғам белсенділері, сондай-ақ, жастар қатысты. Осы орайда, өсіп келе жатқан жас буынды табиғатты сүюге  шақырған аға буын,  экологиялық мәселелерге қоғамның оң көзқараспен қарап, табиғат тазалығын сақтауды сұранады.


Табиғатты қорғау акциясының аясында еліміздің інжу-маржаны атанған Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірқатар проблемалыры шешімін тапқан. Осы орайда, ауқымды жобалар жүзеге асып, парк аумағынан алдағы уақытта Су электр станциясын салу көзделіп отыр екен. Нәтижесінде, құрғақшылық мәселесі  шешіліп, су тапшылығы жойылады деген үміт бар. Сондай-ақ, ұлттық парктің  туризм саласында да  оң өзгеріс байқалады. Оны бүгінгі жиынға келген қонақтардан бірден аңғаруға болады.

Дүниежүзілік «Жер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған Парктер шеруі-2023 табиғатты қорғау акциясы өңірімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Бастапқыда Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында ұйымдастырылған бұл шеру 2017 жылдан бері облыс көлемінде дәстүрге айналған. Пандемия кезінде табиғатты қорғау акциясы онлайн форматта жалғасқан екен.

Сұхбат

PhotoRoom