Шымкентте ерекше құстарды өсіруге әуес 30 жуық жан бар

Жаңалықтар
05.04.2023, 22:06
Шымкентте ерекше құстарды өсіруге әуес 30 жуық жан бар

Ерекше құстарды өсіруге әуес шымкенттік Сырлан Тәшімбетовтың үйі орнитологиялық баққа айналған Айрықша іске 32 жылын арнаған азамат сирек кездесетін экзотикалық құстарды көбейтуге әуес. Оның сөзінше түрлі-түсті сәнді құстар адамның жабырқаулы күйін жадыратып, ерекше сезім сыйлайды. Сондықтан ол тотықұс бақсам, деген бала арманын жүзеге асырыпты.


Сырлан Тәшімбетовтің құс өсіруге деген әуестігі алты жасынан басталыпты. Алғашында тотықұстың санын көбейтсе, бүгінде оның сирек кездесетін түрлерін өсіруде. Яғни, түрлі түске боялған қанатына қарап, ерекше сайрайтын үнін бағалайды. Сол үшін үйінің бір бөлмесін арнайы жабдықтап, 100 шақты амадина, ақсары, шұбар,  сары  шымшық,  қылаң құс сияқты қанаттыларға ерекше күтім жасап келеді.


СЫРЛАН ТӘШІМБЕТОВ

ҚҰС ӨСІРУШІ
- Тырнақтары өсіп кетсе, бұның өзінде мына жерде көрсетілген жері бар. Сол қызыл сызықтан сәл асырып қырқып тұру керек. Себебі ары – бері ұшқанда сеткаға жабысып, өзіне қолайсыздық болады. Тұмсықтары да кейде өсіп жатады. Соларды да кесіп жатамыз. Кейде түлейтін кездерінен дұрыс өтпесе витаминдерін бермесек өліп те қалып жатады.



Әр құстың тілін тауып, ерекше бабын жасап отырған Сырлан Тәшімбетов олардың суын күніне екі рет тазартып, жеміне түрлі минералды қорегін қосады. Арасында бір мезгіл тордан босатып, еркіндікке жіберіп те алады екен. Тропикалық климатқа бейімделгендіктен мұндағы бөлменің ылғалдылығы мен температурасына баса мән беріледі. Мақсат сирек кездесетін құс түрлерін жұптап, ерекше сайрайтын атаулысын көбейту.

Сұхбат

PhotoRoom