Мемлекеттік қызметкерлерге антикордан sms хабарлама жолдануда

Жаңалықтар
05.04.2023, 22:38
Мемлекеттік қызметкерлерге антикордан sms хабарлама жолдануда

Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілеріне Антикордан SMS хабарлама жолданып жатыр.
Мәтін мағынасы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға бағытталған. Ескерту жазбасы күндізгі уақытта екі тілде жолданады. Бұдан бөлек,  заңды кәсіпке кедергі жасау – ауыр қылмыс екендігі,  адал бизнес мемлекеттің қорғауында болатынын ескеріп отырады. Пилоттық жобаәзірге деректер базасына енген қалалық, аудандық әкімдіктер мен оған қарасты басқармалардың 1500 қызметкерін қамтып отыр. Сала мамандары қызметкерлерге пара алу мен оны беру және делдал болу қылмыс екенін ұдайы еске салатын әдіс аз уақытта өз нәтижесін беретініне сенімді.

 

ДӘУРЕН ЕРҒАРИН

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
- Біздің негізгі бағыт болып саналатын ол лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту емес, лауазымды тұлғаларды қылмыс жасауға жол бермеу болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom