3,5 мыңнан астам пәтер беріледі

Жаңалықтар
05.04.2023, 22:39
3,5 мыңнан астам пәтер беріледі

Түркістан облысында биыл жалпы көлемі 866 мың шаршы метрден асатын 71 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде облыс орталығындағы 7 қабатты 32 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Биыл 3 557 пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа баспаналар мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік несиемен және үй кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты мердігерлермен кездесті. Құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес аяқталуын қатаң қадағалауды міндеттеді. Талапқа бағынбағандарға шара қолданылады.
Айта кетсек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында 128 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. 2022 жылдың қорытындысымен пайдалануға 57 тұрғын үй берілді. Құрылысы аяқталған үйлердегі 3473 пәтердің 753-і жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларына арналған арендалық пәтерлер ретінде тапсырылды. 2720 пәтерді түркістандықтар әлеуметтік кредиттік жүйемен алған.

Сұхбат

PhotoRoom