70 теңге жол алқысын төлемесеңіз 7 мың теңге айыппұл арқалайсыз. Қоғамдық көліктерде енгізілген кондуторсыз автобус жобасы жемісін беріп жатыр. Жауаптылар қазіргі таңда жолаушылар өздігінен төлем жасауды үйренген дейді. Жоба жүзеге асқан күннен бастап 30 жолаушы 100 мыңнан аса айыппұл төлепті. Сондай-ақ автопарктердің кассасына түсетін қаржы көлемі де артқан.
Шымкентте кондукторсыз қоғамдық көлік жүйесінің енгізілгеніне айдан асты. Тексерушілер жолақы төлеуден жалтаратындар әлі де бар дейді. Басында тек ескертіп келген тексерушілер енді айыппұл да салып жатыр екен. Бір айдың ішінде 30 жолаушы айыппұл арқалаған. Деседе тексерушілердің арына тиіп, балағат сөз айтатын жолаушылар мен жүргізушілер бар екен.
Айыппұл салу тек жолаушыларға ғана қарастырылмаған. Заңсыз әрекетке барған Автобус жүргізушілері де жауапқа тартылады. Егер жолақы төлеген азаматқа билет бермесе қоғамдық көілк тізгіндеушісіне көліктік бақылау инспекциясы 5 АЕК көлемінде айыппұл салады. Бір жылда 700 шопыр 12 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген.
Айта өтейік, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы кондукторсыз жүйе енгізілгеннен кейін автопарк кассасына түсетін қаржы көлемі 20 пайызға артты деп отыр.