Беларусьтегі президент сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

Саясат
10.08.2020, 13:00

Александр Лукашенко 80,23% дауыс жинаған

Беларусьтегі президент сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды
Фото: reuters

Беларусь республикасының Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,23% дауыс жинаған.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың 9,9%-ы Светлана Тихановскаяға, 1,68% Анна Канопацкаяға, 1,04% Андрей Дмитриевке, 1,13%-ы Сергей Череченьге, ал 6,02%-ы барлық үміткерге қарсы дауыс берген.

9 тамыз күні Беларусьте президент сайлауы өтті. Сайлау бюллетенінде бес адамның аты болды: қазіргі президент Александр Лукашенко, күйеуі үшін сайлауға түскен Светлана Тихановская, Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень.

Елді 1994 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко алтыншы мерзім президент болмақ. Кейінгі уақытта ел арасында билікке деген наразылық күшейген.

Жұрт Лукашенконың негізгі қарсыласы ретінде Светлана Тихановскаяны таңдады. Ол сайлауға күйеуі Сергей Тихановскийдің орнына түскенін мәлімдеген.

Сұхбат

PhotoRoom