Түркістан облысының спортшылары өткен жылы 1202 медальді жеңіп алған. Оның 536-сы алтын, 327-сі күміс, 339-ы қола. Биыл одан да көп жетістіктерге жетеміз деген үмітбар. Осыған байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев баспасөз жиынында мәлімдеді.
Түркістан облысында спорт саласы тиісті деңгейде дамып келеді. Оған дәлел ретінде спортшылардың жеткен жетістіктерін келітіруге болады. Қазіргі таңда 100 мемлекеттік спорт мекемесі мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған спорт мекемелерінде 2,5 мыңға тарта жаттықтырушы бар, 60 мыңға жуық бала қамтылған. Өңірде спорттың 61 түрі дамып келеді. Бұқаралық спортта жолға қойылған.
Жалпы өңірдегі спорт саласын дамыта түсу үшін тиісті инфрақұрлым мәселелері шешімін тауып келеді. Мәелен, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сауран, Жетісай, Мақтаарал, Төлеби, Бәйдібек және Сайрам аудандарында заманауи спорт нысандарның құрылысы жүргізіліп келеді. Одан бөлек, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында Мұз сарайы мен Ескек есу каналы бағытындағы спорт кешенінің құрылысы қызу жүргізілуде.
Түркістан облысының спортшылары биылдың өзінде 400-ге жуық медальді жеңіп алған. Оның 159 алтын, 108 күміс және 128 қола. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары спорт түрлері бойынша жалпы 16 медальға, яғни 5 алтын, 3 күміс және 3 қолаға қол жеткізсе, Әлем чемпионаттарында жалпы 116 медальға ие болды.