Қазақстанда жаңа рейстер ашылады

Аймақ
06.04.2023, 22:53
Қазақстанда жаңа рейстер ашылады

Мәдениет және спорт министрлігі көктем-жаз маусымына қарай Доха, Анкара, Медина, Баку және Душанбе қалаларына жаңа рейстер ашылатынын хабарлады. Сонымен қатар Ыстамбұл, Тбилиси, Пхукет, Мале, Дели, Чэнду, Лондон, Ираклион және Подгорица қалаларына ұшатын рейстер де көбейеді. Ал, елімізде тариф бағасы инфляция деңгейіне қарай өсіп отырады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің жаңа басшысы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

 

Бұдан бөлек, Алматы мен Астананың әуежайлары ғана емес, Шымкент, Ақтау және Түркістанның әуе айлақтары да жаңа рейстерді орындауға тартылады. Бірқатар шетелдік әуе компаниясы да Қазақстанмен әуе қатынасын орнатуды жоспарлап отыр. Мысалы, малайзиятықтар Куала-Лумпурдан Алматыға, Тайландтағы әуе тасымалдаушысы Бангкоктан Алматыға рейс ашуды көздеп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom