ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогы үшін чемпионат басталды

Жаңалықтар
07.04.2023, 22:59
ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогы үшін чемпионат басталды

7-сәуір – тәжік-ауған шекарасын күзеткен қазақстандық сарбаздар үшін қаралы күн. Бұл күні ұрысдаласында қазақстандық батальонның құрамындағы 17 сарбаз қаза тапқан. Осыған орай шымкенттіктер Абай саябағындағы сарбаздарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бақилық болған жауынгерлерді құрметпен еске алды.Сондай-ақ, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін жеке-командалық чемпионат шымылдық түрді.

Толассыз жауған жауынға қарамастан Абай саябағындағы Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған сарбаздарға арналған ескерткіштің алдына жиналған жұрттың қарасы қалың. Қаруластарын еске алған ардагерлердің жанарында мұң басым. Олар Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгерлердің ерлігі өлшеусіз,-деп отыр.

Айтып өтейік, Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа 8,5 мың қазақстандық сарбаз қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарып шыққан. Жиында бейбітшілік жолында ерлік танытқан жауынгерлерге тағзым ретінде гүл шоқтары қойылды.

Әскери-қолданбалы спорт түріндегі жекпе-жек ұрысты одан әрі насихаттауды мақсат тұтқан сайысқа қатысуға 50-ден астам  балуан өтініш білдірген. 7 түрлі салмақ дәрежесіндегі 7 команданың жеңімпазы ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогын иемденеді.

Еліміздегі ішкі әскердің мұрагері саналатын Ұлттық ұлан сарбаздары батырларды ұмыт қалдырмай еске алып отырады. 20-рет ұйымдастырылып отырған сайыс соның дәлелі.

П.Биназарқызы

Сұхбат

PhotoRoom