Шымкентте апатты жағдайдағы 5 көпір жөнделіп жатыр

Аймақ
10.08.2020, 13:20

Жалпы, қала аумағында 36 көпір бар

Шымкентте апатты жағдайдағы 5 көпір жөнделіп жатыр

Бүгінде Шымкент қаласының аумағында орналасқан 36 көпірдің 6-ы апатты жағдайда екені анықталған. Сондықтан 5 көпірді жөндеу жұмыстарына қазынадан 926,8 млн қаржы қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, ет комбинаты маңындағы, Леңгер тас жолындағы, Маятас, Тоғыс, Елтай тұрғын алаптарындағы көпірлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін бітуі тиіс.

Ал, Базарқақпа елдімекені маңындағы бір көпір үшінші мегаполис аумағында орналасқанымен , облыстық жол бойында тұр. Сондықтан оған Түркістан облысы әкімдігі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбат

PhotoRoom