Сұранысқа ие өнім шығарады

Жаңалықтар
10.04.2023, 01:39
Сұранысқа ие өнім шығарады

Ордабасы ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда аймақта  40 кәсіпорын жұмыс істейді.  Олар 2022 жылы 32,5 млрд теңгенің өнімін өндірген. Осылайша өсім 10,8 млрд теңгеге жеткен. Мегаполис іргесіндегі ауданда жаңа жобаларда  жүзеге асып жатыр.

Жаңа жобалардың бірін Батсу-водоканал ЖШС жүзеге асырып отыр. Серіктестік темір бетон өнімдерін шығаруда. Былтыр ашылған кәсіпорында 40 адам тұрақты  жұмыспен қамтылған. Зауыт күніне 54 дана темір бетон жапқышын шығарады. Мұндай өнімге сұраныста жоғары екен.

Ауданда 2022 жылы өндіріс саласында 34 млрд теңгеге инвестиция тартылса, биыл 37 млрд теңгеге жеткізу межеленді. Нәтижесінде өсім 8,8% құрайды.Жеке инвестициялар есебінен аудан экономкасының дамуына үлес қосатын негізі 5 жоба іске асып, 150 жұмыс орны ашылған.

Ордабасыда биылғы жылға өнім көлемін 36,4 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта ауқымды шаруалар атқарылуда. Аймақтың өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында биылғы жылы жалпы құны 7,5 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.Жобалар жүзеге асса  255 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

К. Дүйсенбі

Сұхбат

PhotoRoom