Жаңғырған мөлтек аудан Ордабасының ажарына айналды. Темірлан елді мекеніндегі «Черемушки» мөлтек ауданындағы ескі үйлер қазір көптің көзжауын алады. Жарты ғасырлық тарихы бар қос қабатты үйлер күрделі жөндеуден өткен.
Ел ішінде «Черемушки» деп аталып кеткен мөлтек ауданында23 көп қабатты тұрғын үй бар. Барлығы кондонминиум нысаны ретінде әділет басқармасында тіркеуден өткен. Аталған үйлерде 1978 жылдан бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2020 жылы аталған тұрғын үйлерді жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. 2022 жылы жылы жергілікті бюджеттен 94 млн 163 мың теңге бөлініп, 9 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
Жөндеу жұмыстары барысында, тұрғын үйлердің подьезд қабырғаларын сылау, бояуы жұмыстары, үй отмоскаларын құю, электр сымдарын ретке келтіруде назардан тыс қалмаған. Сондықтан болар бұл үйлердің сырт келбеті көз тойдырарлықтай қалыпта. Сонымен қатар тұрғын үйлерге тиесілі аулаларда жаңа ойын алаңшалары орнатылған. Үй іргесіндегі сарайларда біркелкіге келтіріліп жаңартылған. Бұл жобаға көпшілік дән разы.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 48 634 мың теңге қаржы бөлінді. Ендігі кезекте, қаржы көлемін ескере отырып, қосымша 3 тұрғын үй жөндеуден өтетін болады. Осылайша, кезең-кезеңімен ағымдағы жылдың соңына дейін мөлтек аудандағы 23 көп қаббатты үйлер толыққанды жөндеуден өткізілетін болады.