37 мың бала көз ауруына шалдыққан

Сараптама
10.04.2023, 01:43
37 мың бала көз ауруына шалдыққан

Балалар арасында көз ауруы жиілеген. Офтальмолог мамандар оны баланың смартфон, планшет секілді құрылғыларды көп қолдануының салдары деп түсіндіреді. Еліміз бойынша 37 мыңдай бала миопия диагнозымен дәрігердің бақылауында тұрса, Түркістан облыстық балалар ауруханасына күніне отыздан аса ата-ана баласының көз жанарын тексертуге келеді екен.  

Евгенияның бауыр еті баласы қазіргі таңда көзілдірік тағады. Себебі смартфонның салдарынан көруі нашарлаған. Бүгінде ол қызын дәрігердің қабылдауына жазып, көз жанарын тағы бір тексертті.

Евгения Ким – қала тұрғыны
-     Балаларым бұрын смартфонды жиі қолданатын. Қазір қолдарына планшет, телефон дегенді ұстатпаймын. Оның нәтижесін өзіңіз көріп тұсыз ғой. Смартфон көздің көруін нашарлатады дегенді мен қолдаймын. Одан балалар түгілі өзіміздің де көзіміз ауырады. Қазір балаға смартфонды мүлде бермеймін. Өйткені дәрігер оған тыйым салған.

Дәрігерлер соңғы кезде оптикалық жүйенің ақауы жиі кездесетінін айтады. Оның ішінде миопия  яғни, алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі өршіп тұр. Ол көп жағдайда жақын қашықтықта ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде пайда болатын көз ауруының түрі. Бұл күні бойы  телефон немесе теледидарға телмірген балада байқалатын жайт. Мұны дер кезінде емдетпесе  асқынып, көрудің нашарлауына алып келеді.

Александр Новиков, облыстық балалар ауруханасы офтальмология бөлімінің меңгерушісі
-     Соңғы уақытты ата-ананың офтальмолог дәрігерлерге келуі шынында жиіліп кетті. Оған баланың кішкентайынан нашар көруі себеп. Бұл бүкіл әләмді алаңдатып отырған мәселе. Бұрын балалар кітап оқытып, теледидар қараса, қазір тек планшет, смартфонды қолдан тастамайды. Біздің мамандар күніне қырыққа жуық баланың көз жанарын тексереді. Жалпы адам баласына смартфон сынды құрылғыларды жақын көруге болмайды. Оның салдары алыстан көрмеушілікке алып келеді. Адам баласы смартфонды кемінде 30  сантиметр қашықтықтан қарауы қажет.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жанарына шағымданатындар жыл сайын көбейіп келеді. Қазіргі таңда  37 мыңға жуық бала офтальмологтардың бақылауында тұр.

Айта өтейік, дәрігерлер, адам көзінің толық қалыптасуы 18 жасқа дейін жалғасатынын айтады. Яғни қос жанардың күтімі тек балалық шақпен ғана шектелмейді. Сондықтан балаңыз кәмелетке толғанша оның көзіне ауыртпашылық түсіретін дүниелерді барынша азайтып, арнайы жаттығулар жасау қажет. Ең дұрысы таза ауада көп серуендеу.

Нұрлан Пайзов

Сұхбат

PhotoRoom