Мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды

Жаңалықтар
11.04.2023, 01:46
Мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылды

Ел аумағында сұйытылған газ бен дизель отынының тапшылығы сейілмек. Оған Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарының аяқталуы оң әсер етіп отыр. Қазір өндіріс ошағы сұйық отынды жөнелтуді бастап кетті. Олар осы айда 366 мың тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отыр.

Жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтап, қайта іске қосылған зауыт алдымен ішкі нарықтың сұранысын өтейді. Мамандар осы арқылы ел аумағындағы сұйық отынның тапшылығы тарқайтынына сенімді. Жанаржағармай  бекеттеріндегі ұзын сонар кезек те сейіледі.

Бақыт Ерігенов

мұнай компаниясының техникалық директоры
-    Дизель отыныжетпейжатыр. Сұйықталған газ жетпейжатыр. Сосынбізертерекбітіріп, жұмысістепжатырмыз. Жоспарбойыншаайдыңаяғынадейін 366 мың тонна мұнайөңдеуімізкерек. Оданшығатынөнімдер бензин – 110 мың тонна шығукерек. Дизель отыны – 115 мың тонна. Авиаотын – 19 мың тонна. Сұйықталған газ 15 мың тонна шығукерек осы айдыңаяғынадейін.

Зауыт осыдан 5 күн бұрын бір құрылғысын іске қосқан. Қазір 100 пайыз қуаттылықта жұмыс істеп тұр. Десе де елде орын алған мәселеге әлі нүкте қойылған жоқ.

Зауыт тәулігіне 18 мың тоннаға жуық мұнай өңдеуде. Одан 6 мың тонна бензин, осы көлемде дизель отыны мен 820 тонна сұйық газ өндіріледі. Мамандар осы айдың соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеуді жоспарлап отыр. Межелі жұмыс нәтежиесін беріп жатса, елдегі сұйық отын тапшылығы түбегейлі тарқамақ.

Сұхбат

PhotoRoom