Грек рим күресінен азия чемпионаты аяқталды

Жаңалықтар
12.04.2023, 02:07
Грек рим күресінен азия чемпионаты аяқталды

Астана қаласында күрес түрлері бойынша азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі дода да алғаш болып, грек рим күрес шеберлері жарыстарын аяқтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы сапында алтын медальді Ибрагим Магомадов жеңді. Ал, Шымкенттік Мұхамедәлі Мамырбек пен Әлімхан Сыздықов қола медальді қанағат тұтты.

 Грек рим күресі шеберлері жарыс барысында 8 медалді жеңіп алды. 1 алтын екі күміс және 5 қола медаль құрама балуандарының еншісінде. Аса ауыр салмақта бозкілемге шыққан жерлесіміз Әлімхан Сыздықов бұған дейін Азия чемпионы атанған болатын. Бұл жолы бұйырғаны қола медаль болды. Оның өзін жеңіп алу аса қиын болды дейді Әлімхан.

63 келі салмақта жас та болса бас болып ел намысын қорғаған Мұхамедәлі Мамырбектің өнеріне жанкүйерлер тәнті болды. Жастығына қарамай төс балуандарды лақтырған Мұхамедәлінің болашағы алда дейді бапкерлері.

 Осындай алмаман додада жүлде алуға қол жеткізуге себепкер болған бапкерлердің ерен еңбегі екені ақиқат. Әлімханды осыған дейін Азия биігіне шығарған ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Бисолд Дециев екені белгілі. Бицолд бапкердің басты мақсаты Париж олимпиадасының медалі екені белгілі.

Енді балуандар аздаған үзілістен соң әлем чемпионатына дайындықтарын пысықтайды. Одан соң Париж олимпиадасы. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Сұхбат

PhotoRoom