Бадамдық балалар жаңа мектепте

Жаңалықтар
12.04.2023, 02:13
Бадамдық балалар жаңа мектепте

Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіне қарасты Дербес е/м балалары жаңа мектепте оқып жүр. Бұған дейін ескі конторды паналап келген оқушылар заманауй білім ұясында білімін шыңдайтын болады.

 

 

Мектептің құрылысына тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. Қаралған қаржы көлемі – 1 млрд.351 мың теңге. Мердігер мекеме «Корпорация Ақордасы» ЖШС құрылысты 2022 жылдың желтоқсан айында аяқтаған. Нысан 2023 жылдың наурыз айында мемлекеттік қабылдаудан өтіп, бүгінде пайдалануға берілген. Мектеп директоры бұрынғы мектептің қолайсыздығын еске алып, жаңа мектептің жайлы жағдайын сөз етті.

 

Соңғы жылдары Ордабасы ауданында мектеп құрлысы қарқынды жүргізілуде. Балабақша мәселесіде толық шешіліп келеді.«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында да ауданда 5 мектептің құрылысын жүргізілуі жоспарлануда. 2023 жылы.

 

Аудан көлемінде 2022 жылы 6 мектептің құрылысы жүргізілді. 3 мектептің Дербес, Мақташы Аққойлы елді мекендерін құрылысы 2022 жылдың соңында аяқталса, 3 мектептің Төрткүл, Қызылжар, Шұбарсуқұрылысы 2023 жылға өтпелі.

 

Сұхбат

PhotoRoom