Жылыжайда құлпынай өсіреді

Жаңалықтар
12.04.2023, 02:14
Жылыжайда құлпынай өсіреді

Жылыжайда құлпынай өндіріледі. Ордабасылық кәсіпкер Ерзақ Ұлан бір кешенде құлпынай мен жүзімді қатар өсіріп отыр.

Ерзақ Ұлан бұл жылыжай кешенін 2019 жылы іске қосқан. Сол жылы қызанақ егіп 118 тонна өнім жинаған. Бірақта қияр, қызанақ маңдай терді ақтамайды –дейді шаруа. Сондықтан жылыжайға жүзім еккен. Ол жетіліп, жеміс бергенше арсында құлпынай өндіруге көшіпті. Кешеннің жалпы құны 250 млн теңге

Өткен жылы өңірлік өнімнің 59%-ы ауылшаруашылығының үлесінде болып, 68, 2 млрд теңгеге өнім өндірілген. 2021 жылмен салыстырғанда өсім 2,2 млрд теңгені құраған. 2023 жылы көрсеткішті 82,1 млрд теңгеге жеткізу жоспары бар. 2022 жылы ауылшаруашылық саласына тартылған инвестиция көелім 5 млрд 378 млн теңгені құрап, нақты 42 жоба іске асқан. 2023 жылы 7 млрд 225 млн теңгеге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл көрсеткішке жылыжай шаруашылығының да ұлесі зор.

2022 жылы жаңадан 476 Га тамшылатып суғару жүйесі, 542 Га жаңбырлатып суғару жүйесі ендірілген. Аумағы 15,7 Га болатын жылыжайлар іске қосылды. 2023 жылы тамшылатып суғару жүйесін 500 Га, жаңбырлатып суғару жүйесін 500 Га ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ аумағы 15 Га құрайтын жылыжайларды жаңадан қосу көзделген. Қарқынды бау көлемін 100 Га ұлғайту жоспары тұр.

Сұхбат

PhotoRoom