Шымкент турист қабылдау бойынша Республикада 3-орында тұр. Қонақтар саны әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында артқан. Меймандарды күтуші нысандардағы орын тапшылығы да келушілердің легін бәсеңдеткен жоқ. Мамандар жыл соңына дейін тағы 13 қонақ үйдің ашылуымен туристердің санын 2 екеге ұлғайтпақ ниетте.
Шымкент әу бастан қонақжай қала. Мегаполис қай қырынан алмасаң да турист қабылдауға қауқарлы-ақ. Бір ғана кемшін тұс – қонақүйдегі төсектік орынның аздығы.
Азамат Қалқабаев
Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы
- Төсек-орын бір жолғы сыйымдылық саны – 5 516 бірлікті құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 5 398 бірлік 102,2%-ға артып отыр.Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2022 жылдың 12 айында 8 107 632,3 мың теңгені құрап, 2021 жылмен 5 232 079,1 мың теңге салыстырғанда155%-ға жоғарылаған. Қонақ үй қызметкерлерінің орташа тізімдік саны –1 072 ерлер-401, әйелдер-671 құрайды.
Қаланың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында интерактивті альбом дайындалуда. Мегаполистің туристік нысандары мен гастрономиясы ендірілген жобаға танымал 20 нысан мен ұлттық тағамдар туралы 3 тілде ақпарат берілетін болады.